Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы  

№ 1375  қаулысы

 

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
17 шілдедегі №1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №374 қаулысына сәйкес, сондай ақ «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 12 қыркүйектегі
№01-03/1532 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меншік иелерінен және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан Қызылорда қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі 2005,0 (екі мың бес) шаршы метр жер учаскелерін немесе жылжымайтын мүліктерді «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылын реконструкциялау» жобасын жүзеге асыру мақсатында осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылғы 26 мамыр болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің  меншік  иелерін  немесе  мемлекеттік  емес  жер пайдаланушыларды ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қызылорда қаласының

              әкімі                                                                                   Н. Ахатов

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің

2025 жылғы « 24  » ақпандағы

 № 1375 қаулысына қосымша

 

№

Жер учаскесінің  кадастрлық нөмірі

Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының аты-жөні

Көлемі, шаршы метр

Қажетті көлемі, шаршы метр

Нысаналы мақсаты

Құқық түрі

1

10-156-091-1242

Кушеров Манарбек Алтайевич

Тулепова Роза Дуйсенгалиевна

1200,0

1200,0

бағбандық үшін

ортақ бірлескен меншік

2

10-156-091-1227

Аймаханов Мурат

645,0

645,0

жеке тұрғын үй құрылысы үшін

уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану

3

10-156-004-2086

Умарсериков Бауыржан Серикпаевич

12 740,0

160,0

ғимаратқа қызмет көрсету үшін

жеке меншік

 

Барлығы

 

14 585,0

2005,0

 

 

 

Дата публикации
25 февраля 2025