Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 1332 қаулысы

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы

№ 1332 қаулысы

 

«Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қазандағы № 555 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» заңының 37-бабына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қазандағы № 555 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулының 1 - тармағындағы «24 060,0 (жиырма төрт мың алпыс) шаршы метр» деген сандар мен сөздер «20 156,0 (жиырма мың бір жүз елу алты) шаршы метр» деген сандар мен сөздермен ауыстырылсын.

аталған қаулының қосымшасының 2-қатары келесі редакцияда жазылсын:

2

«Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10-156-012-2553

қажетті көлемі  8472,0

өндірістік база үшін

Уақытша  жер пайдалану құқығы

 

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылғы 12 мамыр болып белгіленсін.

3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.

4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыларды ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда қаласының

                  әкімі                                                                     Н. Ахатов

 

Дата публикации
11 февраля 2025