Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы
№ 1331 қаулысы
Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 01-1/33 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік иелерінен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Сабалақ қонысы мекенжайында орналасқан жалпы көлемі 2400,0 (екі мың төрт жүз) шаршы метр жер учаскелерін ауыз су қоймасының құрылысы үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылғы 12 мамыр болып белгіленсін.
3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының
әкімі Н. Ахатов
Қызылорда қаласы әкімдігінің
2025 жылғы « 10 » ақпандағы
№ 1331 қаулысына қосымша
|
№ |
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі |
Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының аты-жөні |
Көлемі, шаршы метр |
Нысаналы мақсаты |
құқық түрі |
|
1 |
10-156-088-142 |
Жумашева Кулнар
|
1200,0 |
бағбандық үшін |
жеке меншік
|
|
2 |
10-156-088-139 |
Құрманиязова Ұрқия Серікқызы
|
1200,0 |
бағбандық үшін |
жеке меншік |
|
|
Барлығы |
|
2400,0 |
|
|