Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 1330 қаулысы

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы

№ 1330 қаулысы 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 31 қаңтардағы №03-01/72 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Меншік иесі Курмантаева Гулнара Сахиевнаның Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округі, Ж. Маханбетов ауылы, Мырзахан Тоқтамысұлы көшесі, №43 А құрылыс мекенжайындағы ғимаратқа қызмет көрсету үшін көлемі 800,0 (сегіз жүз) шаршы метр кадастрлық нөмірі 10-156-066-3472 жер учаскесінен қажетті көлемі 200,0 (екі жүз) шаршы метр бөлігін саябақ салу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылғы 12 мамыр болып белгіленсін.

3. Меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43 ғимарат, №13 кабинет болып белгіленсін.

4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскесінің меншік иесін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.

6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда қаласының

әкімі                                                                           Н. Ахатов

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 февраля 2025