Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы №223-32/1 «2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 223-32/1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және
3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 71 303 071,1 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 15 469 683,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 489 237,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 402 016,0 мың теңге;

трансферттер түсімі- 45 942 135,1 мың теңге;

2) шығындар – 62 434 756,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -901 769,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 275 240,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 177 009,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 9 770 084,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – -9 770 084,1 мың теңге;

қарыздар түсімі – 275 240,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 10 069 956,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 24 631,9 мың теңге.

  1. Аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

   Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы

 

И. Құттықожаев

 

Дата публикации
06 февраля 2025