Дүниежүзілік сайлау күнін жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі Қазақстан Республикасы толыққанды мүшесі болып табылатын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен басталды.
Сайлау - демократияның маңызды институттарының бірі болып табылатындықтан, елімізде оған үлкен мән беріледі.
Биылғы мереке 6 ақпанға тұспа-тұс келеді.
Осы ретте, Қызылорда қалалық аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан атаулы мерекеге орай қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық білім бөлімі мен қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімімен, қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып кең көлемде іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, әрбір саяси маңызы бар науқандарды ұйымдастыру мен өткізуде негізгі күш боп саналатын учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен онлайн-конференция, білім беру ұйымдарындағы жоғары сынып оқушыларына арнап «Сайлау үдерісіндегі жетістіктер туралы», «Жас сайлаушылардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыру» тақырыптарында ашық сабақтар, мүгедектігі бар адамдармен және белсенді қала жастарымен еркін форматтағы кездесулер өткізілді.
Бекітілген іс-шаралар сайлау комиссиялары мүшелерінің арасында шағын футболдан өткен жарыспен қорытындыланды. Сондай-ақ, жергілікті баспа бетінде тақырыптық мақала жарияланды.