Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік техникалық орталығы» ШЖҚ РМК-ның аумақтық сайлау комиссияларымен 2025 жылға арналған өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылы өткізілетін саяси науқандар, жоғары тұрған сайлау комиссияларының жоспарлары мен тапсырмалары ескеріле отырып әзірленген жұмыс жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін және Қызылорда қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 

 

Қалалық сайлау

комиссиясының  төрағасы                                                Г.Баймурзаев

 

Қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 К.Насибеков

 

 

 

 

 

06.01.2025 жылғы №16/41 қаулысы

 

 

 

 

Дата публикации
28 января 2025