Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы

№1092 қаулысы

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Белкөл кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы
5 қарашадағы №02-11/592 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Меншік иесі Назтаев Жасулан Кенесбековичтің Қызылорда қаласы, Белкөл кенті, Талғат Әбуов көшесі, №38 В мекенжайындағы үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) құрылыс жүргізу және қызмет көрсету үшін көлемі 2700,0 (екі мың жеті жүз) шаршы метр кадастрлық нөмірі
10-156-038-850 жер учаскесін мәдениет үйінің құрылысы салынуына байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылғы 28 наурыз болып белгіленсін.

3. Жер учаскесінің меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, №43 ғимарат, №13 кабинет болып белгіленсін.

4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі меншік иесі ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.

6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда қаласының

әкімі                                                                        Н. Ахатов

Дата публикации
30 декабря 2024