2024 жылғы 8 желтоқсанда №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қызылорда қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 8553 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 5588 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 8 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда қалалық мәслихат депутатының сайлауы бойынша мынадай қорытындылар белгіленді:
кандидат Жорабек Медет Ерданаұлы үшін сайлаушылардың 1347 дауысы;
кандидат Изтелеуов Рустем Серикович үшін сайлаушылардың 3616 дауысы;
кандидат Шағыртаев Сәкен Имамзадаұлы үшін сайлаушылардың 435 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 181.
Сайлау қорытындысымен №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты болып Изтелеуов Рустем Серикович сайланды. 1985 жылы туған, "Курс Инвест ЛТД" ЖШС директоры, Қызылорда қаласында тұрады.
Қызылорда қалалық аумақтық сайлау комиссиясы