Қызылорда қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9, 14, 44 және 111-баптарына сәйкес №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланатын Қызылорда қалалық мәслихатының депутатын сайлау нәтижелері туралы округтік сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Қызылорда қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті деп танылсын.
  2. Изтелеуов Рустем Серикович Қызылорда қалалық мәслихатының №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутаты болып есептелсін.
  3. Қызылорда қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен сайлаудың қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабарды жариялау үшін «Ақмешіт ақшамы» газеті айқындалсын.
  4. Осы қаулы «Ақмешіт ақшамы» газеті редакциясына жіберілсін және Қызылорда қаласы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                   Г.Баймурзаев

 

Хатшы                                                                  К.Насибеков

 

 

 

 

08.12.2024 ж. №37 қаулысы

 

 

Дата публикации
08 декабря 2024