2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған № 19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 7) тармақшасына,   16-1 және 37- баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 15 қарашадағы №56/71 қаулысы негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қоса дайындалуға және сайлау учаскелеріне жеткізілуге тиіс Қызылорда қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдерінің саны осы қаулының қосымшасына сәйкес 8638 (сегіз мың алты жүз отыз сегіз) дана болып белгіленсін.
  2. №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бюллетень мәтінін бекітсін
  3. Округтік сайлау комиссиясы ұсынған Қызылорда қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетень мәтінінің негізінде бюллетеньдерді оның бланкісіне қойылатын талаптарға және қорғалу дәрежесіне сәйкес дайындау үшін Қызылорда қаласы, Шымкент көшесі №21 мекенжайында орналасқан ИП «Қызылорда-Қанағаты» мекемесінің баспаханасы айқындалсын.
  4. Осы қаулы Қызылорда қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №19 округтік сайлау комиссиясына, ИП «Қызылорда-Қанағаты» мекемесіне жолдансын және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының хатшысы К. Насибековке жүктелсін.
Дата публикации
06 декабря 2024