Облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.
2020 жылдың қаңтар - тамыз айларында өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 326 971 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 85,4 пайызды құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде есепті мерзімде 3 113,8 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 83,3 пайыз және 532,0 млн. текше метр табиғи газ өндіріліп, 89,6 пайызды құрады.
Анықтама: Жекелеген мұнай ұңғымаларының сулануына және қорлардың азаюына байланысты.
Өңдеуші өнеркәсіп саласында 27 827 млн. теңге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,0 пайызды құрады. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 8,5 пайызы.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 2020 жылдың қаңтар – тамыз айларында 2 614,2 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 102,9 пайызды құрады.
2020 жылдың қаңтар - тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 85 685 млн. теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 105,3 пайызға артты. Облыстағы үлесі 57,2 пайыз.
2020 жылдың қаңтар - тамыз айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 28 236 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 103,0 пайызды құрады. Облыста атқарған құрылыс жұмыстарының 62,4 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 244 429 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 87,2 пайызды құрады.
Қала бюджетінің 2020 жылдың 1 қыркүйектегі кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 51 795,2 млн. теңгені құрап, 54 085,6 млн. теңгеге немесе 104,4 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 12 406,1 млн. теңгенің орнына 14 822,4 млн. теңгеге немесе 119,5 пайызға орындалды.
Қала бюджетінің шығыстар жоспары 53 159,1 млн. теңге болса, ол 51 872,7 млн. теңгеге немесе 97,6 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік саласында 2020 жылдың 1 қыркүйегіне қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 25 819 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 21 651 бірлік. Кәсіпкерлердің жалпы санынан жеке кәсіпкерлер – 18 706 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 16 457 бірлік, заңды тұлғалар – 5 763 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 3 976 бірлік, шаруа немесе фермер қожалықтары – 1 350 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 1 218 бірлік.
Индустриялық – инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласы бойынша өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген жалпы құны 67,4 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Жобалар толық іске қосылғанда 1025 адам жұмыспен қамтылатын болады.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында 244,4 млн. теңгені құрайтын 68 жоба қаржыландырылды. («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 180,0 млн. теңгені құрайтын 50 жоба және «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы ЖШС (РИЦ) арқылы 64 млн. теңгеге 18 жоба)
Бөлшек сауда көлемі 170 227,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 98,3 пайызды құрады. Облыстағы үлесі 89,4%.
Анықтама ретінде: Қаланын сауда саласынын 70 пайызын азық-түлік емес тауарлары құрайды. Қазіргі кезде індетке байланысты (карантин) барлық азық-түлік емес тауарларды сататын ірі сауда үйлері мен дүкендер жабық болуына байланысты төмендеп отыр.
2020 жылдың 1 тамызына алдын ала деректерге сәйкес халық саны 317,1 мың адамды құрап, өсу қарқыны 102,1 %. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 129,8 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,6 пайызды құрайды.
2020 жылдың 1 қыркүйектегі жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 4 537 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайызды құрады. (01.09.2019 жылы – 2,4 пайыз).
Жыл басынан жұмысқа орналасқан азаматтар саны 6 765, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны 5 118 адам.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жыл басынан бері 2 592 адам қоғамдық жұмысқа, 368 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне 1 280 жас маман жолданды.
Қала бойынша 2020 жылдың ІІ тоқсанына бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 193 152 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 112,4 пайыз.