2024 жылғы 15 қараша сағат 11.00-де Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтеді. Онда мына мәселе қаралатын болады:
№ 19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша Байманов Нұрлан Дастанұлының өтінішін қарау туралы.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі №21.
Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу а.ж. 15 қараша сағат 10.30 дейін.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы
Байланыс телефоны: 27-37-20