2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және
    3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 51 212 780,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 15 299 902,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 489 237,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 402 016,0 мың теңге;

трансферттер түсімі- 26 021 625,0 мың теңге;

2) шығындар – 42 319 833,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -1 177 009,0 оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 177 009,0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 10 069 956,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – -10 069 956,0 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 10 069 956,0 мың теңге.

  1. 2025 жылға Қызылорда қаласы бюджетіне кірістерді бөлу нормативі төмендегідей болып белгіленсін:

1) 101.201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» және 101.205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» кодтары бойынша 10 пайыз;

2) 103.101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша 10 пайыз;

3) 101.202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша 10 пайыз.

  1. 2025 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 10 081 526 мың теңге болып көзделсін.
  2. 2025 жылға арналған қалалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын қалалық бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Қалалық бюджеттен кент және ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін 2025 жылға арналған субвенция көлемі 1 228 411 мың теңге, оның ішінде:

Тасбөгет кенті

225 652 мың теңге;

Белкөл кенті

78 807 мың теңге;

Ақжарма ауылдық округі

124 686 мың теңге;

Ақсуат ауылдық округі

113 062 мың теңге;

Қызылжарма ауылдық округі

157 083 мың теңге;

Қарауылтөбе ауылдық округі

139 178 мың теңге;

Қызылөзек ауылдық округі

120 323 мың теңге;

Қосшыңырау ауылдық округі

135 003 мың теңге;

Талсуат ауылдық округі

134 617 мың теңге.

сомасында белгіленсін.

  1. Қалалық бюджеттен кент және ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін 2026 жылға арналған субвенция көлемі 1 161 950 теңге, оның

Тасбөгет кенті

210 697  мың теңге;

Белкөл кенті

62 557 мың теңге;

Ақжарма ауылдық округі

120 883 мың теңге;

Ақсуат ауылдық округі

108 522 мың теңге;

Қызылжарма ауылдық округі

153 644 мың теңге;

Қарауылтөбе ауылдық округі

136 034 мың теңге;

Қызылөзек ауылдық округі

116 207 мың теңге;

Қосшыңырау ауылдық округі

122 295 мың теңге.

Талсуат ауылдық округі

131 111 мың теңге.

сомасында белгіленсін.

  1. Қалалық бюджеттен кент және ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін 2027 жылға арналған субвенция көлемі 1 187 354 мың теңге, оның

Тасбөгет кенті

212 144 мың теңге;

Белкөл кенті

62 604 мың теңге;

Ақжарма ауылдық округі

121 737 мың теңге;

Ақсуат ауылдық округі

109 543 мың теңге;

Қызылжарма ауылдық округі

156 285 мың теңге;

Қарауылтөбе ауылдық округі

138 525 мың теңге;

Қызылөзек ауылдық округі

118 310 мың теңге;

Қосшыңырау ауылдық округі

134 991 мың теңге.

Талсуат ауылдық округі

133 215 мың теңге.

сомасында белгіленсін.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

  

   Қалалық мәслихаттың                                  Қызылорда қалалық

        кезекті сессиясының                                 мәслихатының хатшысы

                   төрағасы

Дата публикации
23 октября 2024