«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 111-бабының 3-тармағына, «2024-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 63 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы
02 қыркүйектегі № 147 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын:
1) кірістер – 77 220 158,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 19 977 276 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 472 731 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 527 271,9 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 47 242 879,4 мың теңге;
2) шығындар – 93 872 414,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 1 298 905,5 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 2 451 162,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 152 256,5 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 2 451 475 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 2 451 475 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -20 402 636,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
20 402 636,5 мың теңге;
қарыздар түсімдері – 21 206 463,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 8 775 431,9 мың теңге.
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 7 971 605,4 мың теңге.».
көрсетілген қаулының 1, 4-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы