№ 19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Қызылорда қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда қаласының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Қызылорда қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінде жариялансын және Қызылорда қаласы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                               Г. Баймурзаев

 

 

Хатшы                                                                К.Насибеков

 

 

 

11.10.2024 ж. №29 қаулысы

 

Қызылорда ҚСК-ның

2024 жылғы 11 қазандағы

№29 қаулысына қосымша

 

 

2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Қызылорды қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

 

1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2024 жылдың 21 қазаннан кешіктірмей

(22-б., 14 б., 6-тт)

 

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2024 жылдың 21 қазаннан кешіктірмей

(13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Қызылорда қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде,

2024 жылдың 26 қазаннан кешіктірмей

                                                                                      (23-б. 5-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

26 қазаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, және олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктері) дәне азаматтардың өзін-өзі ұсыну жолымен

11 қазанда басталады және  8 қараша жергілікті уақытпен  сағат 18.00-де аяқталады,

 (103-б.)

 

6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік  сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

11 қазанда басталады және  13 қараша сағат жергілікті уақытпен  сағат 18.00-де аяқталады

                                                                                      (104-б)

 

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 

                                                 (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

 

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6-тт., 31-б.)

 

12. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу (жүгінген кезде) 

 

Округтік сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Қызылорда қаласының әкімі және Қызылорда қалалық  сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2024 жылдың 13 қарашаға дейін

(28-б. 6-т.)

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 13 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін және 7 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-ге дейін

(27-б. 2-т.)

 

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылорда қаласының әкімдігі және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                  

 

Қызылорда қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

2024 жылдың 17 қарашаға дейін

 (26-1 б. 1-т.)

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда,

2024 жылдың 22 қарашадан бастап

                                                                           (26-б. 1-т.)

 

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                          

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей,

2024 жылдың 27 қарашаға дейін

   (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.)

 

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей,

5 желтоқсаннан ерте емес және 7 желтоқсанға дейін

 (37-б. 3-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау 

 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2024 жылғы  8 желтоқсан  жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-да

 ( 40-б. 1-т.)

 

23. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні  2024 жылғы 8 желтоқсанда

жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

2024 жылғы  8 желтоқсанда  жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспайды

                                                                        (43-б, 18-б 8-тт)

 

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                           (108-б. 1-т.)

 

28. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларын анықтау

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей,

2024 жылдың 9 желтоқсаннан кешіктірмей                                                                    

(108-б. 2-т.)

 

29. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылдың 14 желтоқсаннан кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

 

30. Сайланған депутаттарды тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

 

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

 

Дата публикации
11 октября 2024