«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайлағанға дейін Қызылорда қаласы бойынша №192 учаскелік референдум комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Жүсіпова Алтынай Мырзабекқызы, №253 учаскелік референдум комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Сүлейменов Нұржан Сұлтанұлы тағайындалсын.
2. Осы қаулы Қызылорда қалалық мәслихатына және учаскелік референдум комиссияларына жіберілсін.
3. Қаулы көшірмесі Қызылорда қалалық референдум комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Қалалық референдум
комиссиясының төрағасы Ғ. Баймырзаев
Қалалық референдум
комиссиясының хатшысы К. Насибеков
21.09.2024 ж. №24 қаулы