«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-, 29-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабының 1-, 3-тармақтарына сәйкес учаскелік референдум комиссияларының дауыс беру уақытын өзгерту туралы ұсыныстарының негізінде Қызылорда қалалық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақыты белгіленсін:
1) Құмкөл кеніш орнындағы «ҚуатАмлонМұнай» бірлескен кәсіпорнының Қоныс-Бектас ауысымдық қыстағында орналасқан №244 дауыс беру учаскесінде 6-00 сағаттан басталып, дауыс беру учаскесіндегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқталуы мүмкін;
2) Құмкөл кеніш орнындағы «АйданМұнай» бірлескен кәсіпорнының ауысымдық қыстағында орналасқан №245 дауыс беру учаскесінде 6-00 сағаттан басталып, дауыс беру учаскесіндегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқталуы мүмкін;
3) Құмкөл кеніш орнындағы «ҚазГерМұнай» бірлескен кәсіпорнының Құмкөл ауысымдық қыстағында орналасқан №246 дауыс беру учаскесінде 6-00 сағаттан басталып, дауыс беру учаскесіндегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқталуы мүмкін;
4) Құмкөл кеніш орнындағы «ПетроҚазахстанҚұмкөлРесорсиз» бірлескен кәсіпорнының ауысымдық қыстағында орналасқан №247 дауыс беру учаскесінде 6-00 сағаттан басталып, дауыс беру учаскесіндегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқталуы мүмкін;
5) Құмкөл кеніш орнындағы «ПетроҚазахстанҚұмкөлРесорсиз» бірлескен кәсіпорынның «Арысқұм» ауысымдық қыстағында орналасқан №248 дауыс беру учаскесінде 6-00 сағаттан басталып, дауыс беру учаскесіндегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқталуы мүмкін;
6) Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округi, Р.Батырбаев көшесi № 5, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы №5547 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінде орналасқан №266 дауыс беру учаскесінде 6-00 сағаттан басталып, дауыс беру учаскесіндегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқталуы мүмкін.
2. №244, №245, №246, №247, №248, №266 дауыс беру учаскелерінің учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауды дауыс беру аяқталғаннан кейін бастайтын болсын.
3. Осы қаулы облыстық референдум комиссиясына, №244, №245, №246, №247, №248, №266 дауыс беру учаскелерінің учаскелік референдум комиссияларына жіберілсін, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Қызылорда қалалық референдум комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Төраға Г. Баймурзаев
Хатшы К. Насибеков
№8/21 қаулысы 19.09.2024 ж.