Қызылорда қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 336 қаулысы
«Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 37-бабына сәйкес, сондай ақ «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 20 мамырдағы № 04-7/667 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
аталған қаулының 1-тармағындағы «2102,28 (екі мың бір жүз екі бүтін жүзден жиырма сегіз)» деген сандар мен сөздер «1475,28 (бір мың төрт жүз жетпіс бес бүтін жүзден жиырма сегіз)» деген сандар мен сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулының қосымшасындағы 4-ші қатары келесі редакцияда жазылсын:
«
|
№ |
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі |
Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының аты-жөні |
Көлемі, шаршы метр |
Мемлекет мұқтажы үшін алынатын қажетті көлемі, ш.м. |
Нысаналы мақсаты |
|
4 |
10-156-008-1132 |
Макышева Гульбарам Молдагалиевна |
486,0 |
486,0 |
өндірістік мақсаттары үшін |
»;
аталған қаулының қосымшасындағы 5-ші қатары алынып тасталсын.
Қызылорда қаласының
әкімі Н. Ахатов