Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 23 шілдедегі

№ 1262 қаулысы

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 12 шілдедегі №01-03/1148  хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Меншік иесі азамат Қанатжанұлы Дәулеттің Қызылорда қаласы, Әбілхайыр хан көшесі, №2 Д құрылыс мекенжайындағы жеміс-жидектердің маусымдық сауда нүктесі үшін көлемі 3264,0 (үш мың екі жүз алпыс төрт) шаршы метр кадастрлық нөмірі 10-156-010-1825 жер учаскесін Қызылорда қаласы, Тәуелсіздік даңғылынан Саламатов көшесіне дейін Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін нығайтумен автомобиль жолының салынуына байланысты  мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылғы 25 қазан болып белгіленсін.

3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.

4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласыныңауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыларды ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда қаласының

                  әкімі                                                                      С. Қожаниязов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июля 2024