Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және
3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 67 095 006,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 14 977 276,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 472 731,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 249 045,8 мың теңге;
трансферттер түсімі- 44 395 954,0 мың теңге;
2) шығындар – 80 744 489,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 1 301 679,3 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 2 451 162,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 149 482,7 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 2 451 475,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 2 451 475,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -17 402 636,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –17 402 636,5 мың теңге;
қарыздар түсімі – 18 206 463,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 8 775 431,9 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары- 7 971 605,4 мың теңге.