Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 85-11/2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және
3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 62 446 676,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 12 974 776,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 472 731,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 249 045,8 мың теңге;
трансферттер түсімі- 41 750 124,0 мың теңге;
2) шығындар – 60 796 799,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 1 301 679,3 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 2 451 162,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 149 482,7 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 940 004,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 1 940 004,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 591 805,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –1 591 805,8 мың теңге;
қарыздар түсімі – 2 451 162,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 8 775 431,9 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары- 7 916 075,7 мың теңге.
2. Аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
|
Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы |
|
И. Құттықожаев |