Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевнаның өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындауы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 20-бабы, 3- тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевнаның 2024 жылғы 02 мамырдағы өтініші негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевнаның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевнаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қызылорда қалалық мәслихатына жолдансын.

3. Осы қаулы Қызылорда қаласы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 

 

     Қалалық сайлау

     комиссиясының  төрағасы                                      Г.Баймурзаев

 

    Қалалық сайлау

    комиссиясының хатшысы                                        К.Насибеков

 

 

02.05.2024 ж. №7 қаулысы

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 мая 2024