«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайлағанға дейін №253 учаскелік сайлау комиссиясына Едилбаев Нуржан Баскосканович, №375 учаскелік сайлау комиссиясына Ерлан Аружан Ерланқызы және №383 учаскелік сайлау комиссиясына Тулешова Динара Жаксымуратовна тағайындалсын.
2. Осы қаулы Қызылорда қалалық мәслихатына және №№253, 375, 383 учаскелік сайлау комиссияларына жолдансын және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Г. Баймурзаев
Қалалық сайлау
комиссиясының хатшысы К. Насибеков
05.03.2024 ж. №6 қаулысы