«2024-2026 жылдарға арналған Қызылөзек ауылдық округінің бюджеті туралы» Қызылорда қалалық маслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №107-12/16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2024-2026 жылдарға арналған Қызылөзек ауылдық округінің бюджеті туралы» Қызылорда қалалық маслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №107-12/16 шешіміне өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Қызылөзек ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 251 387,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 7 280,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 244 107,0 мың теңге;

2) шығындар – 251 387,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0»

2.Мыналар:

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
07 февраля 2024