Қызылорда қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қызылорда қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілсін.

2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қызылорда қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                                   И. Құттықожаев

Дата публикации
02 февраля 2024