Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 91 қаулысы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі №1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №374 қаулысына сәйкес, сондай ақ, «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 5 қаңтардағы №04-9/4 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Меншік иелерінен және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан Қызылорда қаласы, Жаңқожа батыр көшесі мекенжайындағы жалпы көлемі 84,0(сексен төрт) шаршы метр жер учаскесін және көлемі – 123,0 (бір жүз жиырма үш) шаршы метр жылжымайтын мүлікті темір жол арқылы жер асты автокөлік өткелін салу мақсатында осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылғы 1 мамыр болып белгіленсін.

3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.

4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласыныңауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыларды ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда қаласының

                  әкімі                                                                      С. Қожаниязов

 

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің

2024 жылғы « 30 » қаңтардағы

№ 91 қаулыға  қосымша

№

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының аты-жөні

Көлемі, шаршы метр

Жылжымайтын мүліктің көлемі

Нысаналы

мақсаты

1

10-156-019-1198

Джакупов Абдулла Избасарович

84,0

 

жеке тұрғын үй құрылысы салу және оған қызмет көрсету үшін

2

10-156-021-000

Кротова Полина Владимировна

 

25,10

жеке тұрғын үй құрылысы үшін

3

10-156-009-000

Есиркепова Жанар Онгаровна

 

27,40

жеке тұрғын үй құрылысы үшін

4

10-156-000-000

Шоныкбаева Сагира Абдилдаевна

 

42,80

жеке тұрғын үй құрылысы үшін

5

10-156-008-000

Махатаев Мақсат Олжабекұлы

Смагулова Лаура Маратовна

 

27,7

дүкен үшін

 

Барлығы

 

84

123

 

 

Дата публикации
01 февраля 2024