«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған Ақсуат ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 80 059,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 7481,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 72578,0 мың теңге;
2) шығындар – 80059,0 мың теңге, оның ішінде;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0.
2. Қалалық бюджеттен Ақсуат ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2024 жылға – 105 755,0 мың теңге, 2025 жылға – 114 501,0 мың теңге, 2026 жылға – 123 382,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2024 жылға арналған Ақсуат ауылдық округі бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі
4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.