Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласы әкімінің 2023 жылғы IV-тоқсан бойынша қалаға қарасты кент, ауылдық округ және қала тұрғындарымен кездесулерінде көтерілген мәселелер бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы

№

Іс-шара мазмұны

Орындалу мерзімі

Орындалу барысы

Жауапты

Қызылорда қаласы

1.  

«Пищевик» және «Ягодка»  саяжайларындағы пайдаланылмай бос жатқан бағбандық жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу мәселесі

Желтоқсан айы

Қызылорда қаласының батыс бөлігінде орналасқан "Пищевик" және "Ягодка" бау-бақша серіктестіктері Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылғы 18 наурыздағы
№880 қаулысы және Қызылорда облысының маслихатының 2015 жылғы
18 наурыздағы №265 бірлескен шешіміне сәйкес, Қызылорда қаласы әкімшілік аумағы (шекара-шегі) жалпы көлемі-13599,5 гектар болып бекітіліп, аталған саяжайлар қаланың шекарасына (шегіне) енгізілген болатын.

Аталған "Пищевик" және "Ягодка" саяжайлары аумағына тиісті түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры (БМЖМК) деректер қорында және графикалық бөлігінде "Пищевик" бау-бақша серіктестігі аумағынан 434 жер учаскесі табысталса, оның ішінде: 365 жер учаскесі қоршаланып, құрылыс нысандары салынған.

Сонымен қатар, "Ягодка" бау-бақша серіктестігі аумағында БМЖМК деректер қорына сәйкес, 161 жер учаскесі табысталған болса, оның ішінде құрылыс нысаны жүргізіліп, қоршалған 112 жер учаскесі анықталды.

Д.Тұрсынбаев

П.Шамұратов

Д.Сырлыбаев

2.  

«Пищевик» және «Ягодка»  саяжайларына қатынайтын қоғамдық көліктердің жүру бағытын ішкі аумағына дейін ұзарту мүмкіншілігін қарастыру мәселесі

Желтоқсан айы

 «Пищевик» және «Ягодка» саяжайларына қатынайтын қоғамдық көліктердің жүру бағыты тұрғындардың сұрауы бойынша ішкі аумаққа дейін ұзартылды.

Ғ.Еркебай

Д.Исламов

Ж.Файзуллаев М.Жүсіп

3.  

Еңбек саяжай аумағына қатынайтын қоғамдық көліктердің жүруін қамтамасыз ету мәселесі

Желтоқсан айы

Еңбек саяжайы аумағы бойынша  және ПМК-29, ПМК-66 саяжайына №2, 12, 28, 30 қоғамдық көліктері қызмет көрсетуде.

Ғ.Еркебай

Д.Исламов

Ж.Файзуллаев М.Жүсіп

4.  

Төле би көшесі №137 А көпқабатты тұрғын үйдің ауласына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі

Желтоқсан айы

2023 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 800 млн. теңгеге қала аумағындағы
18 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді («Азамат құрылыс» ЖШС-і).

Биыл қосымша 19 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 185,0 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде (мердігер «ДаренСтрой» ЖШС, Жалпы жоба құны:
403,5 млн. теңге).

Оның ішінде, Төле би көшесі №137 А көпқабатты тұрғын үйдің ауласы да қамтылған (аяқталу мерзімі желтоқсан айының аяғы).

Ғ.Еркебай

Ж.Файзуллаев

5.  

«Орбита» саяжайына кіре беріс ауыз су құбырларының құрылысы барысындағы талапқа сай орнатылмаған қарау құдықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдау мәселесі

Желтоқсан айы

Қала аумағының төңірегінде орналасқан​ «Орбита» саяжайына жаңадан жүргізілген ауыз су жүйелері «Су жүйесі» МКК теңгеріміне қабылданған жоқ. Алайда, кәсіпорын тарапынан «Орбита» саяжайына «Арай» ауданында орналасқан II-ші су көтеру насос станциясымен «Сол жағалау» арқылы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Ал, кіре-беріс ауыз су құбырларының құрылысы барысындағы талапқа сай орнатылмаған қарау құдықтары мердігер мекеме тарапынан қалпына келтірілді.

Ғ.Еркебай

Д.Исламов

Ж.Файзуллаев

Б.Әбдіқаппарұлы

Тасбөгет кенті

6.  

Қ.Әбенов көшесіне жарық шамдарын орнату мәселесі

Желтоқсан айы

Тасбөгет кенті әкімі аппаратының өзін-өзі басқару шоты есебінен 8,0 млн теңге қаралып, 3 көшеге (Қ. Әбенов көшесі енгізілген) жарық шамдарын орнату жұмыстары толық аяқталды.

Ғ.Еркебай

А.Тыныштықбай

7.  

Ж.Дүйсенбаев және Т.Тайманов көшелеріне тас төсеу жұмыстарын жүргізу мәселесі

Желтоқсан айы

2023 жылы Тасбөгет кентіндегі инженерлік инфрақұрылымы «Қиыршық тас» жобасы аясында кенттегі 14 көшеге (оның ішінде Т.Тайманов көшесі енгізілген) және Сабалақ саяжайындағы 7 көшеге (оның ішінде Ж.Дүйсенбаев көшесі енгізілген) қиыршық тас төсеу үшін облыстық бюджеттен 705,5 млн. теңге қаржы бөлініп, мердігер «Бақәділ» ЖШС, «Ақнұр Авто» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

Ғ.Еркебай

А.Тыныштықбай

Белкөл кенті

8.  

К.Әбдіқадыров көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу туралы

2024 жыл

К.Әбдіқадыров көшесіне 1,6 шақырым жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, 64,3 млн. теңгеге қалалық бюджетке бюджеттік өтінім ұсынылды.

Ғ.Еркебай

Д.Тұрсынбаев

Г.Баймаханова

Ж.Сәду

9.  

Жаяу жүргіншілер көпірінен түскен кезде 60 метр жерге жаяу жүргіншілер жолын төсеу мәселесі

Желтоқсан айы

Кенттегі жаяу жүргіншілер көпірінен түскен кезде 60 метр жерге жаяу жүргіншілер жолын жүргізу мақсатында, демеушілердің қолдауымен орталық алаңнан ауысқан жаяу жүргіншілер төсеніші  (брусчатка) толық орнатылды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сәду

Қосшыңырау ауылдық округі

10.          

Досан елді мекеніндегі көшелерді жөндеу, тас төсеу мәселесі

Желтоқсан айы

Бүгінгі таңда Досан елді мекеніндегі
10 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме “Ақнұр авто” ЖШС. Желтоқсан айының аяғына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

Ғ.Еркебай

С.Әбдіқадыров

Қызылжарма ауылдық округі

11.          

Жаз мезгілінде жол жөндеу жұмыстары басталып, аяқсыз қалған Сексенбаев көшесінің жалғасын табу мәселесі

Желтоқсан айы

Сексенбаев көшесінің жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы қайта өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме «Айзон» ЖШС арқылы жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Жоба құны 21,0 млн. теңге.

Ғ.Еркебай

Ш.Әбдірахманов

Қызылөзек ауылдық округі

12.          

Қараөзек ауылындағы Абылайхан көшесінде орналасқан «Тағзым алаңын» жарықтандыру мәселесін қарастыру

Желтоқсан айы

Ауылдық округтің Арғын көшесіндегі жарық бағаналарын босату (демонтаж) жұмыстары барысында босаған түнгі жарық бағаналарының 2 данасын «Тағзым алаңына» орнату жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар желтоқсан айының аяғына дейін толық орындалатын болады.

Ғ.Еркебай

С.Әбдіжаппар

 

13.          

Ауылдық округте орналасқан «Орталық» каналдың көмілген тұстарын тазарту жұмыстары жүргізу мәселесі

Желтоқсан айы

Ауылдық округтің «Орталық» каналдың көмілген тұстарын қазып, тазалау  жұмыстары демеушілік есебінен толығымен жүргізілді.

Ғ.Еркебай

С.Әбдіжаппар

Қарауылтөбе ауылдық округі

14.          

Ауылдық округ орталығында орналасқан ойын алаңының аумағына қосымша спорттық тренажер құрылғыларын орнату мәселесі

Желтоқсан айы

Ауылдық округ орталығында орналасқан ойын алаңының аумағына  резиналық төсеніш жамылғысын төсеу және қосымша тренажер құрылғыларын орнату жұмыстары «Али Проект Construction» ЖШС тарапынан толығымен жүргізілді (жобаның жалпы құны 7,0 млн. теңге).

Ғ.Еркебай

Е.Ахетов

 

Ақжарма ауылдық округі

15.          

Ақжарма ауылдық округінің аумағына аялдамалар орнату мәселесі

Желтоқсан айы

Баймұрат батыр ауылына 3 дана, Талдыарал елді мекеніне 2 дана аялдама орнату мақсатында  қалалық бюджеттен 6 369,0 мың теңге қаралды. Қазіргі таңда, жеңімпаз мердігер мекеме «Гүлім» ЖК тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Аяқталу мерзімі – желтоқсан айының аяғы.

Ғ.Еркебай

С.Әбдіреев

 

16.          

Ауылдық округтегі тозығы жеткен ойын алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Желтоқсан айы

Ауылдық округтегі тозығы жеткен 3 ойын алаңдарына жасанды газон төсеу  мақсатында қалалық бюджеттен 
1 118,0 мың.теңге бөлінді. Мемлкеттік сатып алу заңына сәйкес жеңімпаз мердігер ЖК «Farabi» тарапынан орнату жұмыстары толық аяқталды.

Ғ.Еркебай

С.Әбдіреев

 

Талсуат ауылдық округі

17.          

Талсуат ауылдық округіндегі №7 көшеге түнгі жарық шамдарын орнату мәселесі

Желтоқсан айы

№7 көшеге түнгі жарық шамдарын орнату үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы 2 рет жарияланып, жеңімпаз анықталмады. Бір көзден  «МК Сервис -ЛТД» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, жұмыстар толығымен жүргізілді (қаражат көлемі 1,8 мың теңге, бағана саны -18).

Ғ.Еркебай

Е.Бейсенбаев

18.          

Қаңғыбас иттерді аулау

Желтоқсан айы

2023 жылдың осы кезеңіне дейін арнайы бригада шақыртылып 135 қаңғыбас ит ауланды. Осы бағыттағы жұмыстар жыл көлемінде жүзеге асырылатын болады.

Анықтама ретінде:

Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясы, ҚР 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №97 «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы күшіне еніп, осы кезде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою жұмысы тоқтатылғандығын, қазіргі таңда агрессивті, өмір сүруге қабілеті жоқ ит-мысықтарды, жануар иесінің жазбаша өтініші бойынша және жергілікті учаскелік полиция инспекторының қатысуымен ауланып, жансыздандыру жұмыстары кәсіпорынның қаражат есебінен жүргізілуде.

Ғ.Еркебай

Н.Төлегенов

(келісім бойынша)

Е.Бейсенбаев

Ақсуат ауылдық округі

19.          

Ауылдық округтегі №268 мектеп-лицейі жанынан аялдама орнату мәселесі

Желтоқсан айы

Ауылдық округтен 2 (екі) аялдама (ауылдың батыс жақ кіре берісі мен №268 мектеп-лицейінің жаны) орнату мақсатында, қалалық бюджеттен бөлінген 2 млн. 170 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп,  жеке кәсіпкер «Ермек» жеңімпаз болып анықталды. Қазіргі таңда, қадағалаушы анықталуда, қадағалаушы мекеме анықталғаннан кейін жұмыстар желтоқсан айының аяғына дейін толығымен орындалатын болады.

Ғ.Еркебай

Н.Бақыт

 

 

20.          

Ауылдық округтегі Ә.Құдабаев көшесіне түнгі жарық жүргізу мәселесі

Желтоқсан айы

Ә.Құдабаев көшесіне 1,4 шақырым болатын түнгі жарық бағаналарын орнату мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында
28,4 млн. теңге қаражат бөлініп, мердігер мекеме «Аi-Sultan Company» ЖШС-гі  тарапынан жұмыстар жүргізілуде, аяқталу мерзімі – желтоқсан айының аяғы. (Бүгінгі күнгі жұмыстың 85% орындалды).

Ғ.Еркебай

Н.Бақыт

 

 

21.          

№268 мектебінің маңына (Д.Ақмырзаев пен Б.Жөнбаев көшесі аралығы) жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесі

Желтоқсан айы

Ауылдық округте орналасқан №268 мектеп -лицейіне оқушылардың  қатынайтын Д.Ақмырзаев пен Б.Жөнбаев көшесі аралығына жаяу жүргіншілер жолының құрылысын жүргізу мақсатында, демеушілердің қолдауымен орталық алаңнан ауысқан жаяу жүргіншілер төсеніші  (брусчатка) толық орнатылды.

Ғ.Еркебай

Н.Бақыт

 

 

Дата публикации
22 декабря 2023