2023 жылғы 10 желтоқсанда өткен Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 1321 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 1067 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 15 адам.
Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 3.
Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына 4 адам ұсынылып, 1-і мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты кандидаттықтан алынды.
Дауыс беру қорытындысы:
- Талсуат сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 1067 адамның кандидат Бейсенбаев Ерлан Туткабаевичке – 743, кандидат Садирбаев Нургали Муталаповичке – 151, кандидат Сәдуақас Нұрсұлтан Шәкизадаұлына – 155 дауыс берілді. 15 - «барлығына қарсы» белгісі таңдалды.
Дауыс беру қорытындысымен Талсуат ауылдық округінің әкімі болып Бейсенбаев Ерлан Туткабаевич сайланды.
1975 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзі-өзін ұсынған.
Жоғарыда көрсетілген әкімдер сайлауының нәтижелері туралы ақпарат Қызылорда қалалық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
©Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы