Кент әкімі сайлауының қорытындысы

2023 жылғы 10 желтоқсанда өткен Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды.

Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 18 763 адам енгізілген.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 14 744 адам.

Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 70 адам.

Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 19.

Кент әкімінің кандидаттығына 3 адам ұсынылып, 1-і мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты кандидаттықтан алынды.

Дауыс беру қорытындысы:

- Тасбөгет кентінде дауыс беруге қатысқан 14 744 адамның кандидат Алмас Нұрсұлтан Алмасұлына – 1722, кандидат Орынбеков Алмас Нурболатовичке – 2475,  кандидат Тныштықбай Айдын Маратұлына – 10 099 дауыс берілді. 429 -  «барлығына қарсы» белгісі таңдалды.

Дауыс беру қорытындысымен Тасбөгет кентінің әкімі болып Тныштықбай Айдын Маратұлы сайланды.

1993 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Қызылорда қаласында тұрады. Өзі-өзін ұсынған.

Жоғарыда көрсетілген әкімдер сайлауының нәтижелері туралы ақпарат Қызылорда қалалық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

©Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
10 декабря 2023