2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Талсуат ауылдық округі мен Тасбөгет кенті әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру күніне дайындық туралы

Талсуат ауылдық округі мен Тасбөгет кенті әкімдерін сайлауда дауыс беру а.ж. 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.

Талсуат және Тасбөгет сайлау округтері бойынша әкімдер лауазымына 8 кандидат ұсынылған, барлық кандидаттар өзін-өзі ұсынғандар.

2 кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды. Осылайша, сайлауға қатысатын кандидаттар саны - 6.

Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Таслуат ауылдық округі мен Тасбөгет кенті әкімдерін сайлауды ұйымдастырып, өткізуге 10 сайлау учаскесі (№№223, 224, 225, 226, 234, 237, 261, 373, 381, 385 СУ), учаскелік сайлау комиссияларының 84 мүшесі және аумақтық сайлау комиссиясының 7 мүшесі тартылған.

Тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 20084 адамды құрайды.

Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы:

Тіркелген 6 кандидат: 5 – мемлекеттік қызметші, 1 – бюджеттік сала қызметкері.

Кандидаттардың барлығы – ер адамдар.

Кандидаттардың ешбірінің ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.

Мамандықтар бөлінісі бойынша: заңгер – 1 (16,67%), экономист – 4 (66,66%), гидрометеоролог – 1 (16,67%).

Кандидаттардың орта жасы – 39.8, ең жасы – 30 жаста, егделісі – 55 жаста.

Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ.

  1. Сайлау бюллетеньдері сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен әзірленіп, сайлау учаскелеріне жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар хатталып, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.
  2. Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.

Сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттар, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.

Сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге дайын.

 

Талсуат ауылдық округі бойынша сайлау бюллетеньдеріне енгізілген кандидаттар тізімі:

Бейсенбаев Ерлан Туткабаевич

Садирбаев Нургали Муталапович

Сәдуақас Нұрсұлтан Шәкизадаұлы

 

 

Тасбөгет кенті бойынша сайлау бюллетеньдеріне енгізілген кандидаттар тізімі:

Алмас Нұрсұлтан Алмасұлы

Орынбеков Алмас Нурболатович

Тныштықбай Айдын Маратұлы

 

 

 

Дата публикации
09 декабря 2023