Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» қаулысы

 

Қызылорда қаласында салық

салу объектісінің орналасуын

ескеретін аймаққа бөлу

коэффициентін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда қаласында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Қызылорда  қаласының әкімі                                                                А. Шаменов

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің
2023 жылғы ___ қарашадағы
№ ____ қаулысына
қосымша

№ р/с

Қызылорда қаласында салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймаққа бөлу коэффициенті

1-аймақ

Шекарасы: Желтоқсан көшесі мен А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан басталады, әрі қарай А. Байтұрсынов көшесі бойымен Қорқыт ата көшесіне дейін, Қорқыт ата көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін, Желтоқсан көшесі бойымен А. Байтұрсынов көшесіне дейін

1,80

2-аймақ

Шекарасы: Қорқыт ата көшесі мен Қазыбек би көшелерінің қиылысынан басталады, әрі қарай Қазыбек би көшесінен Д. Қонаев көшесімен темір жолға дейін, темір жолдың бойымен Төле би көшесіне дейін, Төле би көшесі бойымен Жеңіс көшесіне дейін, Жеңіс көшесі бойымен Ғ. Мұратбаев көшесіне дейін, Ғ. Мұратбаев көшесі бойымен Сужиков көшесіне дейін, М. Төлебаев көшесіне дейін, М. Төлебаев көшесінен Қорқыт ата көшесіне дейін, Қорқыт ата көшесі бойымен Қазыбек би көшесі қиылысына дейін

1,75

3-аймақ

Шекарасы: Төле би көшесі мен Қожа Ахмет Яссауи көшесінің қиылысынан басталады, әрі қарай темір жол бойымен С. Бейбарыс көшесіне дейін, С. Бейбарыс көшесінен Н. Назарбаев даңғылына дейін, Н. Назарбаев даңғылынан Қызылжарма каналына дейін, әрі қарай Сырдария өзеніне дейін, Сырдария өзені бойымен Махамбетов көшесіне дейін, Махамбетов көшесінен Қаратоғай көшесіне дейін, Қаратоғай көшесінен солтүстік өткелге дейін, әрі қарай темір жол бойымен Д. Қонаев көшесіне дейін, Д. Қонаев көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін, Қазыбек би көшесінен Қорқыт ата көшесіне дейін. Қорқыт ата көшесінен М. Төлебаев көшесіне дейін, Төлебаев көшесінен Сужиков көшесіне дейін, Сужиков көшесінен Ғ. Мұратбаев көшесіне дейін, Ғ. Мұратбаев көшесінен Жеңіс көшесіне дейін, Жеңіс көшесінен Төле би көшесіне дейін, Төле би көшесінен Қожа Ахмет Яссауи көшесіне дейін

1,60

4-аймақ

Шекарасы: солтүстік өткелден басталады, әрі қарай темір жол бойымен С. Бейбарыс көшесіне дейін, С. Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейін, Каналдың бойымен Әл-Фараби көшесіне дейін, Әл-Фараби көшесінен Қызылжарма ауылдық округінің шекарасына дейін, Қызылжарма ауылдық округінің шекарасынан Сырдария өзеніне дейін, Сырдария өзені бойымен Махамбетов көшесіне дейін, Махамбетов көшесінен Қаратоғай көшесіне дейін, Қаратоғай көшесінен солтүстік өткелге дейін. Осы аймаққа Тасбөгет және Белкөл кенттері кіреді.

1,50

5-аймақ

Шекарасы: Қосшыңырау ауылдық округі аумағының шекарасынан басталады Жезқазған трассасына дейін, Жезқазған трассасынан тіке Қызылжарма каналына дейін, әрі қарай Қызылжарма каналы бойымен Н. Назарбаев даңғылына дейін, Н. Назарбаев даңғылы бойымен С. Бейбарыс көшесіне дейін, С. Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейін, Қызылжарма каналының сыртқы жағы бойымен Қызылжарма ауылдық округінің шекарасына дейін, Қызылжарма ауылдық округінің шекарасынан Қосшыңырау ауылдық округінің шекарасына дейін. Осы аймаққа Ақсуат, Талсуат, Ақжарма, Қараөзек, Қызылөзек, Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Қызылжарма ауылдық округтері және қала аумағында саяжайлар кіреді.

1,30

Ескертпе: Аймақтардың шекаралары бойынша өтетін көшелердің екі жағындағы үйлер қамту (айналу)аймағына кіреді

 

Дата публикации
01 декабря 2023