Талсуат ауылдық округі және Тасбөгет кенті әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

1. Ағымдағы жылдың 20 қараша күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Талсуат ауылдық округі және Тасбөгет кенті әкімдеріне ұсынылған 8 кандидаттың 6 кандидаты тіркелді, оның ішінде барлық кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

2. Талсуат ауылдық округі және Тасбөгет кенті әкімдеріне ұсынылған 8 кандидаттардың 2-еуі мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкес емес.

3. Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына барлық кандидаттың құжаттары жолданды.

4. Тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетеніне енгізіледі. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарламалар жергілікті баспасөз БАҚ–нда және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылған.

5. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына арыз-шағымдар түскен жоқ.

Талсуат ауылдық округі әкіміне кандидаттар

Бейсенбаев Ерлан Туткабаевич – 1975 жылы туған, қазақ, «Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ басышсы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Садирбаев Нургали Муталапович – 1968 жылы туған, қазақ, «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Сәдуақас Нұрсұлтан Шәкизадаұлы – 1993 жылы туған, қазақ, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының «Электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі» басшысы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Тасбөгет кенті әкіміне кандидаттар

Алмас Нұрсұлтан Алмасұлы – 1990 жылы туған, қазақ, «Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Қызылорда қаласында тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Орынбеков Алмас Нурболатович – 1984 жылы туған, қазақ, «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» КММ бас инспекторы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Тныштықбай Айдын Маратұлы – 1993 жылы туған, қазақ, «Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 ноября 2023