«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 – бабының 9 тармағына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы хабарлайды

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қарашадағы шешімімен 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған сайлауда Тасбөгет кенті әкіміне 3 кандидат тіркелді.

Алмас Нұрсұлтан Алмасұлы – 1990 жылы туған, қазақ, «Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Қызылорда қаласында тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Орынбеков Алмас Нурболатович – 1984 жылы туған, қазақ, «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» КММ бас инспекторы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Тныштықбай Айдын Маратұлы - 1993 жылы туған, қазақ, «Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры, Қызылорда қаласында тұрады.Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

 

 

Дата публикации
20 ноября 2023