Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қарашадағы шешімімен 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған сайлауда Талсуат ауылдық округі әкіміне 3 кандидат тіркелді.
Бейсенбаев Ерлан Туткабаевич – 1975 жылы туған, қазақ, «Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ басышсы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Садирбаев Нургали Муталапович – 1968 жылы туған, қазақ, «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Сәдуақас Нұрсұлтан Шәкизадаұлы – 1993 жылы туған, қазақ, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының «Электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі» басшысы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.