2023 жылғы 15 қараша күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қызылорда қаласы бойынша Талсуат ауылдық округі мен Тасбөгет кенті әкімдеріне барлығы 8 кандидат ұсынылды, барлық кандидат (100%) - өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 4 адам құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2023 жылғы 20 қараша күнгі сағат 18-00 де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.