Тасбөгет кенті әкіміне ұсыну туралы хабар

2023 жылғы 10 қарашада Қызылорда қалалық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабы 2-тармағына сәйкес, Тасбөгет кенті әкімін сайлау бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен Халдаров Мейержан Аскарулы кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды.

 Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы кент әкімін сайлау бойынша кандидаттардың оларға ҚР Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.

2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Тасбөгет кенті әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 2-15 қараша аралығында (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.

Дата публикации
10 ноября 2023