«Қызылорда қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі №13-2/5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Қызылорда қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі №13-2/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8400-11 нөмірімен тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы

 

 

  И. Құттықожаев 

Дата публикации
09 ноября 2023