Талсуат ауылдық округі мен Тасбөгет кенті әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

1. Аумақтық сайлау округтерінің құрылуы туралы қаулы қабылдау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 1 қараша

(14-б. 6) тт., 21-б. 4-т.)

2. Талсуат ауылдық округі мен Тасбөгет кенті әкімдерін (бұдан әрі – Әкімдер) сайлауды тағайындау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Әкімдердің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде

2023 жылғы 1 қараша

(113-1-б.3-т.)

3. Сайлау округтері туралы ақпаратты, олардың шекарасын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 10 қарашадан кешіктірмей

(22-б. 2-т)

4. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 10 қарашадан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

5. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2023 жылғы 15 қарашадан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

6. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Қызылорда қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2023 жылғы 15 қарашадан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

7. Әкімдерге кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2023 жылғы 2 қарашада басталады және 2023 жылғы 15 қарашада жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады

(113-3-б.)

8. Әкімдерге кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

(4-б., 113-2-б.)

9. Әкімдерге кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Әкімдерге кандидаттардың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) тт., 31-б.)

10. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

11. Кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Қалалық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары қалалық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т., 9-т)

12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

15. Кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма  күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2023 жылғы 2 қарашада басталады және 2023  жылғы                            20 қарашада жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады

(113-5-б.)

16. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Қалалық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2023 жылғы 20 қарашада жергілікті уақытпен сағат 18.00-ге дейін

(28-б. 6-т.)

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылғы 20 қарашада жергілікті уақытпен 18-00 сағаттан кейін басталады және 2023 жылғы 9 желтоқсан жергілікті уақытпен 00-00 сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

19. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлау учаскесін құрған әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Қызылорда қаласының әкімдігі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2023 жылғы 19 қараша

(24-б. 5-т.)

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2023 жылғы 24 қараша

(26-б. 1-т.)

22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 30 қараша

(18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2023 жылғы 7 желтоқсаннан ерте емес және 9 желтоқсаннан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 2023 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

25. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімдер сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

2023 жылғы 10 желтоқсан жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) тт., 43-б.)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Қалалық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

 

29. Әкімдер сайлауының қорытындысын белгілеу

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 13 желтоқсаннан кешіктірмей

(113-10-б.)

30. Әкімдер сайлауларының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2023 жылғы 16 желтоқсаннан кешіктірмей

(44-б.)

31. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктерді беру

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

2023 жылғы 16 желтоқсаннан кешіктірмей

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

(45-б., 46-б. 3-т. 2) тт., 113-11-б. 1-т)

     

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

Дата публикации
01 ноября 2023