Талсуат ауылдық округі мен Тасбөгет кенті әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округі мен Тасбөгет кенті әкімдерінің сайлауы 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалсын.

2. Талсуат ауылдық округі мен Тасбөгет кенті әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Талсуат ауылдық округі мен Тасбөгет кенті әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы хабар осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын және «Ақмешіт ақшамы» газетінде жариялансын.

4. Осы қаулы Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.

 

 

     Қалалық сайлау

     комиссиясының төрағасы                                                   Г. Баймурзаев

 

     Қалалық сайлау

     комиссиясының хатшысы                                                К. Насибеков

 

 

01.11.2023 ж.

№100/205

Дата публикации
01 ноября 2023