Талсуат ауылдық округі мен Тасбөгет кенті әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6 тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Талсуат ауылдық округінің шекарасында Талсуат ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі құрылсын.

2. Тасбөгет кентінің шекарасында Тасбөгет ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі құрылсын.

3. Құрылған сайлау округтері, олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Ақмешіт ақшамы» газетінде жариялансын.

 

 

     Қалалық сайлау

     комиссиясының  төрағасы                                                 Г. Баймурзаев

 

    Қалалық сайлау

    комиссиясының хатшысы                                                 К. Насибеков

 

 

 

№100/204

01.11.2023 ж.

 

 

Дата публикации
01 ноября 2023