Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары 63 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетілді.
2023 жылдың 9 ай көлемінде қалада 106 мың 208 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- 83 мың 723 қызмет қызмет қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (79%);
- 18 мың 551 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (17%);
- 3 мың 94 қызмет қызмет тікелей дербес бөлімдердің кеңселері арқылы (4%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңдегі неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер – халықты әлеуметті қорғау және сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтер, атап айтқанда:
- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» қызметі бойынша 17 мың 982 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» қызметі бойынша
10 мың 806 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметі бойынша 10 мың 658 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қала әкімдігі «Электрондық үкімет» порталының сервистері арқылы электрондық форматта қызметтерді алуды арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу, БАҚ-та жариялау, брошюралар тарату, халық көп жиналатын жерлерде бейнероликтер көрсету және т.б.). Есептік кезеңде 18 мақала және 95 материал жарияланды.
Сонымен қатар, қала шегінде (С.Бейбарыс көшесі бойында) және қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттауға бағытталған «Е.gov веб-порталы» тақырыбындағы 10 билборд орналастырылды.