Қызылорда қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 3424 қаулысы
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
6 маусымдағы № 374 қаулысына сәйкес, сондай ақ, «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 5 қаңтардағы
№ 04-9/4 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік иелерінен және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан Қызылорда қаласы, Жаңқожа батыр көшесі мекенжайындағы жалпы көлемі 17587,4 (он жеті мың бес жүз сексен жеті бүтін оннан төрт) шаршы метр жер учаскелерін темір жол арқылы жер асты автокөлік өткелін салу мақсатында осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2023 жылғы 28 желтоқсан болып белгіленсін.
3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыларды ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының
әкімі А. Шаменов