2023 жылғы 17 қыркүйекте өткен Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 6297 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 5067 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 22 адам.
Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 7.
Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына 3 адам ұсынылып, 1-і өз өтініші негізінде кандидаттықтан алынды.
Дауыс беру қорытындысы:
- Қызылжарма сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 5067 адамның кандидат Абдрахманов Шарип Акбаровичке – 4174, кандидат Калыбеков Фазыл Туремуратовичке – 705 дауыс берілді. 188 - «барлығына қарсы» белгісі таңдалды.
Дауыс беру қорытындысымен Қызылжарма ауылдық округінің әкімі болып Абдрахманов Шарип Акбарович сайланды.
1962 жылы туған, ұлты қазақ, «Ақмешіт–Сарқырама» ЖШС директорының орынбасары, Қызылорда қаласында тұрады. Өзі-өзін ұсынған.
Жоғарыда көрсетілген әкімдер сайлауының нәтижелері туралы ақпарат Қызылорда қалалық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
©Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы