Қызылорда қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі №3185 қаулысы

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі №3185  қаулысы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
17 шілдедегі № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 374 қаулысына, «Қызылорда қаласының «Арай» шағын ауданы мен оған жанасып жатқан саяжайлар массивтерінің (550 га) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы
15 қазандағы №84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №100 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 01/4694 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Меншік иелерінен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан Қызылорда қаласы, Арай шағын ауданында орналасқан жалпы көлемі
11566,0 (он бір мың бес жүз алпыс алты) шаршы метр жер учаскелерін мектеп құрылысы үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2023 жылғы 14 желтоқсан болып белгіленсін.

3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.

4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда қаласының

                  әкімі                                                                      А. Шаменов

Дата публикации
15 сентября 2023