Ауыл әкімі сайлауының қорытындысы

 

2023 жылғы 9 шілдеде өткен Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды.

Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 5602 адам енгізілген.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 4548 адам.

Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 1 адам.

Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 5.

Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына 4 адам ұсынылып, 1-і өз өтініші негізінде кандидаттықтан алынды, 3-і сайлау бюллетеньдеріне енгізілді.

Дауыс беру қорытындысы:

- Ақсуат сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 4548  адамның кандидат Бакытов Нурболат Бакытовичке – 3668, кандидат Жусипов Аскар Орманбековичке – 312, кандидат Қарабаев Асқар Мырзахметұлына – 538 дауыс берілді.  25 «барлығына қарсы» белгісі таңдалды.

Дауыс беру қорытындысымен Ақсуат ауылдық округінің әкімі болып Бакытов Нурболат Бакытович сайланды.

1981 жылы туған, ұлты қазақ, Ақсуат а/о әкімі аппаратының жетекші маманы, Ақсуат а/о тұрады. Өзі-өзін ұсынған.

Жоғарыда көрсетілген әкімдер сайлауының нәтижелері туралы ақпарат Қызылорда қалалық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

©Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
09 июля 2023