Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
6 маусымдағы № 374 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы
22 маусымдағы № 01-1/591 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меншік иесінен және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалау шағын ауданы мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін жалпы көлемі 4200,0 (төрт мың екі жүз) шаршы метр жер учаскелерін көппәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдары жүргізілуіне байланысты осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2023 жылғы 29 қыркүйек болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қызылорда қаласының

                          әкімі                                                                                      А. Шаменов

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің

2023 жылғы «4» шілдедегі

№ 2611 қаулысына қосымша

 

№

Жер учаскесінің кадастрлық нөмері

Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының аты-жөні

Көлемі, шаршы метр

Нысаналы мақсаты

1

10-156-086-133

«ОрдаСнабСервис» ЖШС

1400,0

Көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін

2

10-156-086-127

«ОрдаСнабСервис» ЖШС

1400,0

Көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін

3

10-156-086-124

 

«ОрдаСнабСервис» ЖШС

1400,0

Көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін

 

Барлығы

 

4200

 

 

Дата публикации
04 июля 2023