Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №198-28/2 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда қалалық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №198-28/2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және
3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 69 761 303,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 13 646 590,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 667 486,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 901 995,5 мың теңге;

трансферттер түсімі- 48 545 231,8 мың теңге;

2) шығындар – 63 383 492,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 1 187 801 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 1 187 801 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 3 396 524 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 3 396 524 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 1 793 486,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – -1 793 486,1 мың теңге;

қарыздар түсімі – 1 187 801,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 9 174 313,0 мың теңге.

  1. Аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

   Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы

 

И. Құттықожаев

 



Дата публикации
14 июня 2023