Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Қызылорда қалалық мәслихатының әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

№ 1

 

Өткізілген орны: Қызылорда қаласы , қалалық мәслихатының мәжіліс Залы.

Өткізілген уақыты: 2023 жыл, 27 сәуір, сағат 10:00

Төрағалық еткен: Қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А. Мұсабаева

Қатысқандар: (тізім бойынша).

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктерін қайта атау және атау беру бойынша қалалық әкімдік жанындағы ономастикалық жұмысшы тобының қорытындысына келісім беру туралы

 

Хабарламашы: Ж. Тажмаханов

-

Қызылорда қаласының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы

 

ТЫҢДАЛДЫ:

Қызылорда қаласының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ж. Тажмахановтың хабарламасы

(хабарлама қоса тігілді)

 

Қызылорда қаласының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ж. Тажмахановтың «Әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктерін қайта атау және атау беру бойынша қалалық әкімдік жанындағы ономастикалық жұмысшы тобының қорытындысына келісім беру туралы» хабарламасы назарға алынсын.

«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірі ескерілсін.

1. Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау және атау беру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының кезекті отырысына ұсынылсын:

1.1 Қызылорда қаласындағы келесі тұйық көшелері:

1) «Хон Бен До» тұйық көшесі – «Қалжан Нұрмаханов» есімімен;

2) «Ə. Жангелдин» тұйығы – «Даутов Абілках» есімімен;

3) «Т. Камалов» тұйығы – «Қодар Әуезхан» есімімен;

4) «К. Байсейітова» тұйығы – Дәуіт Батыр есімімен;

5) «С. Сейфуллин» тұйығы – «Қозыбек Асқаров» есімімен;

6) «Ақтөбе-2» тұйығы – «Тұржан Монтаев» есімімен;

7) «Яссауи-7» тұйығы – «Хамит Қалиев» есімімен;

8) «Яссауи-6» тұйығы – «Кереев Мәди Құрманұлы» есімімен;

9) «Хон Бен До» тұйығы – «Үдербай Баймаханов» есімімен;

10) «Бодыбай Құлтекенов-2» тұйығы – «Құтыбаев Елтай Махұтұлы» есімімен;

11) «Бодаш Уәлиев-2» тұйығы – «Еспенбетов Нағим» есімімен;

12) «Қызылжар-3» тұйығы – «Жұмабекова Сәлима» есімімен;

13) «Сайыпназар ахун» тұйығы – «Оспанов Қалмағанбет» есімімен.

 

1.2  Қызылорда қаласындағы келесі атауы жоқ көшелерге:

1) Бәйтерек м.а. атаусыз көшесі тарихи тұлға «Хусам-ад-Дин ас-Сығанақи» есімімен;

2) Бәйтерек м.а. атаусыз көшесі тарихи тұлға «Дүкенбай Досжан» есімімен.

 

  • Қызылорда қаласының келесі құрамдас бөліктері:

1) «Сәулет-28» көшесі – «Әзхожаев Омар Қазхожаұлы» есімімен;

2) «Жаңақұрылыс-4» көшесі – «Әбілқасым Қалмағамбетов» есімімен;

3) «Жаңақұрылыс-7» көшесі – «Шайхы Бейсембаев» есімімен;

4) «Жаңақұрылыс-8» көшесі – «Елеусін Қайназаров» есімімен;

5) «Жаңақұрылыс-9» көшесі –  «Қорен Жәдікұлы» есімімен;

6) «Қорқыт ата-1» көшесі – «Бидашұлы Орынбай» есімімен;

7) «Арай шұғыла-2» көшесі – «Нұрмұхаммед Қадырұлы» есімімен;

8) «Жаңақұрылыс-1» көшесі – «Айдарбек батыр Өрісұлы» есімімен;

9) «Саяхат-16» көшесі – «Рай Тұрсынбаев» есімімен;

10) «Қорқыт ата-6» көшесі – «Толыбай батыр» есімімен;

11) «Сәулет-3» көшесі – «Сейтнәби Мұқашев» есімімен;

12) «Сәулет-8» көшесі – «Ұлмекен Рысбекова» есімімен;

13) «Əбу-Насыр-әл-Фараби-18» көшесі – «Пірманова Қымбат Досекеқызы» есімімен;

14) «Герман Титов-9» көшесі – «Дүйсеков Айқынбай Дүйсекұлы» есімімен;

15) «Арай-Шұғыла -1»  көшесі – «Ақылбек Әріпбаев» есімімен;

16) «Саяхат-28» көшесі – «Төреш Баймұратов» есімімен;

17) «Əбу-Насыр-әл-Фараби-12» көшесі – «Тайлақ батыр Мәтіұлы» есімімен;

18) «Ақмаржан-35» көшесі – «Сарбалақов Жорабек Оспанұлы» есімімен;

19) «Саяхат-26» көшесі – «Мусаев Жаутбек» есімімен

20) «Əбу-Насыр-әл-Фараби-16» көшесі – «Аманкелдиев Жақсылық» есімімен;

21) «Əбу-Насыр-әл-Фараби-26» көшесі – «Сарбөпеев Қуаныш» есімімен;

22) «Əбу-Насыр-әл-Фараби-10» көшесі – «Әбдіраш Іскендіров» есімімен;

23)  «Қорқыт ата-7» көшесі – «Жылқаман Батыр» есімімен;

24) «Герман Титов-1» көшесі – «Нұрділда Уәли» есімімен;

25) «Герман Титов-2» көшесі – «Есмаханов Сақтаған» есімімен;

26) «Герман Титов-4» көшесі – «Дәрмағанбетұлы Шәкізат» есімімен;

27) «Герман Титов-5» көшесі – «Бәймен Әділхан» есімімен;

28) «Герман Титов-6» көшесі – «Сыдық Құттыбай» есімімен;

29) «Герман Титов-7» көшесі – «Кіребайұлы Асқар» есімімен;

30) «Герман Титов-8» көшесі – «Мақсұтұлы Оразбек» есімімен.

 

2. Қызылорда қаласындағы «Яссауи-4» тұйық көшесіне атау беру бойынша өтініш иесі келісім бермегені үшін ұсынысты кері қайтару ұсынылсын:

1) «Яссауи-4» тұйығы – «Сәрке (Серке) батыр» есімімен көшеге атау беру бойынша ұсынысқа өтініш иесі келісім бермеуіне байланысты кері қайтарылсын.

 

3. Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық округі, Талдыарал елді мекеніндегі көшеге атау беру бойынша өтініш иесі келісім бермегені үшін ұсынысты кері қайтару ұсынылсын:

1) Атаусыз көше – «Жанатаев Бағлан Оразбекұлы» есімімен Талдыарал елді мекеніндегі көшеге атау беру бойынша ұсынысқа өтініш иесі келісім бермеуіне байланысты кері қайтарылсын.

 

4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына осы хаттама және ұсыныс жолдансын.

 

5. Осы хаттама 7 (жеті) жұмыс күн ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылсын және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Қызылорда қаласының мәдениет және спорт бөлімі (Ж. Тажмаханов):

Осы хаттамадан туындайтын тиісті жұмыстар мен шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;

Осы хаттамадан туындаған тиісті жұмыстар мен шаралар орындалғасын Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясын дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына ұсынсын.

Қаралған мәселелер бойынша хаттаманаң жобасы дауысқа салынып, толығымен қабылданды.

 

 

Комиссия төрағасы:                                                 А. Мусабаева

Дата публикации
02 мая 2023